Астана қаласы әкімдігінің «Әдістемелік орталығы» МКҚК техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жоспарына сәйкес 2026 жылдың 14 сәуір күні «MODERN MEDICAL SKILLS: «TED-MED ФОРМАТЫНДАҒЫ СИМУЛЯЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУ: ИИНОВАЦИЯЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ» тақырыбында қалалық шебер-сыныптар өткізілді.
Наурыз айының 10 мен 17-сі аралығында колледжде «Интеллектуалды медицина: Сапалы білімнен – Саналы мамандыққа» тақырыбында арнайы және жалпы кәсіптік пәндер апталығы өткізілді.
Колледж әдіскері ақпан айында А.С. Әлібек оқу-әдістемелік бөлімнің жоспарына сәйкес «Edu hacathon. Педагогикалық реанимация» кешенді инновациялық іс-шарасын өткізді. Іс-шарада жасанды интеллектті, онновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға арналған тапсрмалар орындалып, оқытушыларға оқытуда заманауи тәсілдерді қолдануды жүзеге асыруды пайдалы болды.
Колледж әдіскері желтоқсан айында оқытушыларға арналған инновациялық ойлар мен оқытудың жаңа технологияларын енгізу бойынша үнемі толықтырылып отыратын кезекті семинар-тренингті өткізді.
Қараша айында колледжде оқытушылар арасындағы кәсіби шеберлік мектебінің кезекті отырысы өткізіліп, тәжірибелі мамандар Космагулова Б.С., Жаканова Э.М., Кенжегалиева З.Б. өз білім, білік дағдыларымен бөлісіп, баяндама оқып, дәріс жүргізді.