Қараша айының 10-нан 13-іне дейін маңызы бар арнайы пәндерден студенттердің білімін бағалау бақылаулары пән оқытушыларымен дайындалып, әдіскер тарапынан бекітіліп, 18 топта 12 пәннен сынақтар жоспар бойынша өткізілді.
Қазан айында ЖББ және ҚГП пәндерінен 1, 2 курстар арасында колледжішілік олимпиада өткізіліп, 1, 2 курс студенттерінен жалпы 138 білім алушы қамтылды. Олимпиада нәтижесіне сәйкес олимпиада жеңімпаздары колледж басшысы атынан дипломдарға ие болды.
Қыркүйек айының 4-5 жұлдызында «Шипагер» медициналық колледжіне қабылданған 1 курс студенттерінен «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі» пәндерінен кіріс бақылауы алынды.
Колледждің оқу-әдістемелік бөлімінің бастамасымен оқу жылының басында жас мамандар отырысы өткізілді. Жиналыс барысында басшының ОӘЖ орынбасары, колледж әдіскері, бөлім меңгерушісі, ЦӘК төрағасы және білікті, тәжірибелі ұстаздар сөз алып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
2025 жылдың тамыз кеңесінде жасанды интеллектті оқу процесіне енгізу, білім беруді цифрландыру негізгі тақырыптардың бірі болды. Осы тақырып аясында колледж әдіскері А. С. Әлібек педагогтарға «Жасанды интеллектті этикалық қолдану» атты семинар өткізді. Колледж әдісткері семинарда білім алушымен жеке жұмыс барысында, педагогтардың шығармашылығын шыңдауда, студенттердің кәсіби біліктілігін арттыруда ЖИ қолдану, ЖИ сабақ барысына сәйкес жүйелеу жолдары және этикасы, т.б. тақырыптарына тоқталып, көптеген ақпараттармен бөлісті. Педагогтар қауымына өте пайдалы, тиімді, жүйелі мәліметтер айтылды.